Бес баланың анасы Ж. Салыбаева тоғыз жыл бірге тұрған күйеуінің бірінші некеден туылған қызына тиісіп келгенін айтты. Оның айтуынша, бүкіл өмірін астаң-кестеңін шығарған оқиға бұдан бір жыл бұрын орын алған.
Бұл туралы ол КТК арнасының "Наша правда" бағдарламасына айтып берді.
Ж. Салыбаева төрт баласының әкесі өзінің бірінші некеден туған 11 жастағы қызын сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасады деп айыптап отыр.
Жаннаның айтуынша, оның күйеуі Нұрлан қызын үнемі ұрып-соғып күн көрсетпейтін. Алайда жұмыстан шаршап келген Жанна қызының аузынан сұмдық жайтты анасына айтып берген.
"Жұмыстан келсем, қызым маған "әкем мені жақсы көреді екен. Ол сен жұмыста болғанда мені құшақтап "жаным" деп айтты деп айтқан", – дейді Жанна.
Алайда өгей әкесінен қатты қорқып қалған бала оның барлық әрекеттерін анасына айтып беруден қорыққан. Әкесі қызды анаңа шындықты айтсаң, анаңды да, өзіңді де өлтіремін деп қорқытқан.
Кейіннен тергеу кезінде, күйеуі өгей қызына түрлі азғындық әрекеттер жасатқаны анықталған. Бұл туралы қыздың өзі тергеушілерге айтып берген.
Дереккөз: NUR.KZ