Әлеуметтік желілерде Қазақстандағы ең дәулетті азаматтардың бірі саналатын Владимир Кимнің «мәрттігі» қызу талқыға түсе бастады. «Қазақмыс» корпорациясының иелері өз жұмысшыларына Наурыз мерекесіне орай «ерекше» сыйлық дайындаған көрінеді.
Видеода екі әйел сол сыйлықтарды бөліп жатыр және олардың бірі сыйлықтың «Кәсіп Қазақмыс» кәсіподағынан берілгенін айтады.
«Мынау кәсіподақтың бізге Наурызға берген сыйлығы. Мұнда әр адамға 5 дана печенье және 5 дана конфеттен бөлінген. Барлығы 22 адамға ғана беріліп отыр. XXI ғасырда көргеніміз осы. Тіпті, кей жұмысшыларға печенье жетпей қалып, 4 данадан беріп жатырмыз. Сондай-ақ, сыйлықтың ішінде бір-бір данадан шай пакеттері бар. Пачка шай емес, бір рет демдеуге арналған пакеттегі шай. Бірақ, 1 пакеті артық кетіп қалыпты, сондықтан оны Кимнің өзіне қайтарып беру керек», - дейді кадр сыртында сөйлеп тұрған әйелдер.
Айта кетейік, Владимир Ким «Қазақмыс» корпорациясының иесі және ол Forbes тізіміне енген санаулы қазақстандық миллиардерлердің бірі. Кимнің жиған дәулеті 3,1 миллиард долларға тең!