$ 443.85  474.3  4.8

«Күйеуім білмейді…» Алматылық келіншек порноға қалай түскенін айтып берді

Порнофильмге түсудің өзіндік қиыншылықтары бар. Бұл туралы esquire.kz порталы әлдебір қазақ қызының бастан кешкен оқиғалары бойынша жеткізіпті. Онда киноға түсіп, актриса болуды армандаған бойжеткеннің қалайша америкалық порно индустриядан бір-ақ шыққаны жайлы айтылады. Бұған қоса, осы саланың қызықтары мен шыжықтары жайлы да ашық баяндалыпты.

Аты-жөні көрсетілмеген 23 жастағы қазақ келіншегі былай деп жазған:

— Мен қарапайым қазақ отбасында тудым. Ата-анам дінге берік, дегенмен барлығы өз шегімен болатын. Сол себепті де мен еркін өстім және діннің барлық шарттарын ұстана бермейтінмін.

Тек арасында ата-анамен мешітке барып жүрдім. Мені шығармашылық үйірмелер көбірек қызықтырды. Әсіресе арманым – қаламақысы жоғары үлкен киноға түсу еді. Сондықтан ұлттық өнер академиясына түсуді қаладым. Бірақ әкем мемлекеттік қызметкер болғандықтан қарсы болды әрі экономикалық білім алуды талап етті.

Осылайша, Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде әкем қалаған сала бойынша амалсыз білім алып жаттым.

Бірде АҚШ-тың Work and Travel бағдарламасы бойынша Лос-Анджелес қаласына кету туралы идея келді. Сондағы ойым бос уақытымда киностудияға бару еді.

Америкада арзан қонақ үйде тұрып, Six Flags атракционында кассир болып жұмыс істеуге тура келді. Сағатына — 6 доллар. Ақшаны барлық жағынан үнемдеуге мәжбүр болдым. Абырой болғанда киномассовкаға үнемі қатысып, жыртығымды жамап жүрдім. Ал арманым киноға түсу болғандықтан түрлі кастингтерге барудан шаршаған жоқпын. Бірақ соңында толық метражды картиналардың рөлдеріне таңдау жабық жағдайда өтетінін түсіндім. Бұл ащы да болса шындық. Бірде қолыма әлдебір продюсердің телфон номері тиді. Танысымның айтуынша, оны келбеті азиаттық типтегі қыздар қызықтырады екен. Ақыры ертеңінде онымен кездестім.

Өзін Пол Эванс деп таныстырған продюсер Zero Tolerance кино компанисымен жұмыс істейтінін айтты. Көп сұрақтар қойды. Ақыры негізгі сұрағын қойып, өте ашық киноларға қалай қарайтынымды білгісі келді.

800 доллар табыс табуды ұсынды.

Бұл сәтте менің бүкіл арманым күл-талқан болды. Сонда мен еркектердің алдында жарқырау үшін, сексті сырттан қарайтындарды қоздыру үшін осы жаққа келдім бе деген сансыз сауал миымды шарлап кетті.

Бірден жауап бере алмадым. Бірақ, таразыға салып ойлана келе 800 доллар көптеген проблемаларды шешетіндей көрінді. Жиіркену мен қорқыныштан гөрі қаржы мүддесі басымырақ болып шықты. Ақыры өз келісімімді беріп, тапсырыс берушіге ню стиліндегі екі суретімді жібердім. Жыныстық ауруларға тексеруден өтіп, порно әлеміне қадам бастым.

Алғашқы күні қатты толқыдым, бірақ кетіп қала алмадым.

Әлдебір денелі еркекпен спортзалда жыныстық қатынасқа түсеміз. Денемдегі артық түктерімді бір сағат бұрын қырып тастадым. Міне қаптаған еркектер мен аппарат арасында тыржалаңашпын.

Порно қараған кезде бәрі оңай сияқты. Шешіндің, рахатқа бөлендің, ақшаңды алдың. Ал іс жүзінде мүлдем басқаша. 40 минут бойы түрлі қалыпта үздіксіз еңбек ету керексің. Камера әртүрлі ракуста түсіріп жүр. Ал мен нағыз жезөкше сияқты дыбыс шығарып жатуым тиіс. Ата-анам, достарым, туыстарым оны көрмейтінін түсіндім.

Бірақ өзімді сыйлауға да, жақсы көруге де тұрмайтын, ешкімге керексіз лас адам сияқты сезімде болдым. Үш мәрте оргазм алғаным ғана жалғыз жағымды жағдай болды.

Съемкадан соң жүрегім айнып, денемді ауырлық басты. Басым сынып ауырса, аяқ-қолым дірілдеп тұрды.

Жол бойы жылап қайттым. Бұл бірінші және соңғы әрекетім деп шештім. Бірақ бұл шешімім бір айға ғана жетті.

Ақшадан тарылғандықтан ақыры Эвансқа өзім қайта хабарласып, киноға сұрандым. Ол екі жігітпен жыныстық қатынасқа 1300 доллар ұсынды. Екінші жолы бәрі оңай болды. Осылайша түрлі порно картиналарға түсіп, біраз ақша жинап алдым. Ал бір жылдан соң тұрмысқа шығып кеттім.

Бүгінде мен жақсы келінмін. Күйеуім менің порнодағы бұрынғы өмірім туралы білмейді де.

Дереккөз: Caravan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары