$ 494.87  520.65  4.91

7 жасар баланы зорлағандарды саба: Байзақова жезөкшелерге қол көтерген Ахмадиевті сынап тастады

Күні кеше ғана танымал рэпер Жан Ахмадиев алматылық жезөкшелердің соңына шам алып түскен еді. Сейфуллин көшесінде тұратын қаракөздерді қамшымен сабаған видеосын көрген Айжан Байзақова оған қарсы жеке пікірін білдірді.

Блогер мұндай қадамға тек басқаға әлі жетпейтіндер ғана барады дейді. Айтуынша, Ахмадиевтің бұл әрекеті ақылға қонбайтын, барып тұрған бассыздық.

«Күшің тек қорғансыз жезөкшелерге жете ме? Одан да қыздарды, 7 жасар баланы зорлағандарды саба! Көрейік сенің батырлығыңды. Енді  болмай жатса, мен саған кімдерді ұрып-соғу керек,  солардың тізімін берейін», – деді Байзақова telegram-парақшасындағы жазбасында.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары