Танымал қазақстандық актер Шыңғыс Капин актерлік саладағы төсек сахналарына қатысты пікір білдірді. Ол кей әріптестеріне деген құмарлығы шынайы өмірде де байқалып қалатынын жасырмады деп жазады menshealth.kz.
Батыс елдері мен АҚШ-та порноиндустрия саласының қарыштап «дамып кеткені» соншалық, онымен күн көріп, нәпақасын тауып жүрген бойжеткендердің саны жетіп артылады екен.
Порнофильмге түсудің өзіндік қиыншылықтары бар. Бұл туралы esquire.kz порталы әлдебір қазақ қызының бастан кешкен оқиғалары бойынша жеткізіпті. Онда киноға түсіп, актриса болуды армандаған бойжеткеннің қалайша америкалық порно индустриядан бір-ақ шыққаны жайлы айтылады. Бұған қоса, осы саланың қызықтары мен шыжықтары жайлы да ашық баяндалыпты.
Қазақ фильмдерінде қазақ қыздарының жалаңаштануы, сондай-ақ, ондағы эротикалық көріністер жиілеп барады. Ал, ұлттың мәдени және рухани құндылықтарының сақталуына жауапты негізгі ведомстволардың бірі саналатын Мәдениет және спорт министрлігі әдеттегідей үнсіз. Шымкенттік танымал блогер әрі заңгер Айгүл Орынбек осылай деп дабыл қағып отыр.