$ 443.35  475.54  4.82

Рэпер Жан Ахмадиев Алматыдағы шымкенттік жезөкшелерді қамшымен сабады (ВИДЕО)

Қоғамдағы түрлі келеңсіздіктерді өзінің әніне қосып айтып жүретін қазақстандық рэпер Жан Ахмадиев енді жезөкшелердің соңына шам алып түсті. Ол Алматыдағы Сейфуллин көшесінің бойында тұратын жеңіл жүрісті қыздарды қамшымен сабап, бұл сәттің видеосын Instagram әлеуметтік желісіне жүктеді.

«Түнгі көбелектерге» ол алдымен клиент ретінде барып, әңгімеге тартады, саудаласады. Кейін мораль оқып, артынша қамшымен сабайды.

- Үшеуіңіз де қазақтың қыздарысыз ғой, иә?
- Иә!
- Қай жақтың қыздары боласыздар?
- Шымкенттен, бәрібір емес пе қай жақтан болатынымыз.
- Былай жалпы намыстанбайсыңдар ма, қазақтың қызы бола тұра осындай тән сатып, ар сатумен айналысып жүрсіңдер ғой.
- Ақша үшін айналысып жүрміз ғой...
- Ақша дей ме? Мен онда бүгін сендерді сабауға келдім, шешеңді...

Жан Ахмадиев сондай-ақ, қазақтың өзге де жігіттерін дәл осылай жасауға шақырды. Оның қысқа ғана видеосы Instagram желісіндегі Ztb_qaz парақшасында жарияланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары