$ 439.43  473.31  4.82

Шет қалма, аутизмнің проблемалары туралы ақпаратты таратуға атсалыс!

2 сәуір — Дүниежүзілік аутизм проблемалары туралы ақпаратты тарату күні. Аутизмге шалдыққан балаларды қолдауға арналған "Ашық әлем" қоры бұл күні барлық қазақстандықтарды аталған дерт туралы айтып, ақпаратты таратуға атсалысуға шақыруда.

Атсалысу аса қиын емес. Тек әлеуметтік желідегі суретіңізді көкпен қоршап, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің аутизм туралы айтқан пікірін өз парақшаңызға орналастырсаңыз болады. Немесе қоғам белсендісі Аружан Сайын айтқан ұсыныстардың бірін жасап көріңіз.

- 2 сәуір күні көк немесе көгілдір түстес киім киіңіз;
- Осы киіммен суретке түсіп, оны әлеуметтік желідегі парақшаңызға жүктеңіз және #2сәуір хэштегін жазыңыз;
- http://twibbon.com/support/light-it-up-blue-4 сілтемесі арқылы өтіп, желідегі өз фотосуретіңізді көк түске бояңыз;
- Сіздің қалаңыздың орталығында ұйымдастырылатын флешмобқа келіңіз;
- Аутизммен ауыратын балаларға және олардың отбасыларына көмектесетін ұйымдарға қолдау көрсетіңіз;
- Аутизм туралы ақпаратты кез-келген жолмен көпшілікке таратыңыз.

Айта кетейік, 2007 жылдың қараша айында БҰҰ-ның Бас ассамблеясы әр жылдың 2 сәуірі Дүниежүзілік аутизм проблемалары туралы ақпаратты тарату күні деп бекітті. Ұйымның хабарлауынша, аталған дертпен ауыратын балалар саны жылдан жылға артып келеді екен. Қазақстанның өзінде осынау індетке шалдыққан 35 мыңнан астам бала бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары