$ 498.34  519.72  4.85

Интернетте 294 мың теңгелік смартфонға тапсырыс берген алматылық әйелге кір сабын келген (ВИДЕО)

Алматы тұрғыны смартфон орнына екі кесек кір сабын алған. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жариялаған видеосында мәлімдейді. Қыз 294 мың теңгеге Samsung Galaxy S9 смартфоны мен AirPods құлаққапқа тапсырыс бергенін айтады. 

"Мен ұялы телефон сатумен айналысамын. Танысым қоңырау шалып, бағаларын сұрады. Ол досының сайт арқылы арзанырақ алғанын айтып, сапасын тексеріп беруді сұрады. Сілтемесін жіберді. Расымен бағалары арзан, суреттері тамаша болды", - дейді Евгения. 

"Бағасы өте арзан, қоңырау шалып оригинал ма деп сұрадым. Егер ұнамаса, қайтарып бере алатынынымды айтты. Интернет арқылы ғана тапсырыс бере аласың. 29 наурызда курьер хабарласты, ақша дайын ба деп сұрады. Ақша бар, бірақ, алдымен қараймын деп айттым. Қорапты аштық, ішінен кір сабын шықты. Қасымда тұрғандар куә. Бәріміз абдырып қалдық. Курьерге не ақша, не қорапты ұстатып жіберу керек. Мен қорапты бергім келмей отыр", - деп жалғастырды ол. 

Қыздың сөзінше, компанияның сайтта көрсетілген мекенжайы мен қорапта көрсетілген мекенжай сәйкес келмейді. 

"Қорапта жеке кәсіпкерлік атауы тұрды. Ал бұл мекенжайда балабақша орналасқан, карта солай көрсетіп тұр. Полицейлер бұл істі тексеруге алмайтынын айтты, өйткені зиян келген жоқ, мен ақшаны бермедім ғой. Назарға алады, бірақ, әрекет етпейді", - дейді ол. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары