Қырғызстанның Шолпан ата қаласында 53 жастағы ер адам 12 жасар қызды зорлады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады Ыстық көл облысының ІІБ баспасөз хатшысы Сталбек Усубакунов.
Оның айтуынша, қылмыс 25 наурыз күні шамамен сағат 22.00-де жасалған.
"Милицияға арыз 26 наурыз күні зардап шегушінің анасынан түсті. Оның айтуынша, оның қызы "Рух-Ордо" этнокешені маңында адасып кетіп, такси жүргізушіден көлігінде жылынып алуды өтінген. Ер адам 12 жастағы қызға тамақ алып бергеннен кейін онгы күш қолданып, зорлаған ", — деді Усубакунов.
Sputnik Қырғызстан агенттігі мәлімдегендей, құқық қорғау органдарының қызметкерлері 1965 жылы туған ер адамды ұстаған. Сталбек Усубакуновтың айтуынша, күдікті қылмысын бірден мойындаған.
"Ұсталған ауыл тұрғыны этнокешенде күзетші болып жұмыс істейтінін айтты. Қыз оған шамамен сағат 20.00-де келіп, көлігінде жылынып алуын өтінген. Ол қызды өз бөлмесіне алып барып зорлаған, кейін үйіне жеткізіп салған", — деп толықтырды Усубакунов.
Күдікті уақытша ұстау абақтысына жабылды. Құқық қорғаушылар Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 129-бабы 3-бөлігі (Кәмелетке толмағандарды зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғады.
Дереккөз: Sputniknews.kz