$ 494.87  520.65  4.91

Жалаңаш суретін желіге салатын әншілер жазаланып жатыр

«Өзбекнауо» эстрадалық бірлестігі желіге өзінің жалаңаш суреті мен видеосын салатын жұлдыздармен күресіп жатыр деп жазады өзбектің «Жәмият» газеті.

«Өзбекнауо» эстрадалық бірлестігінің төрағасы О. Әбдукаххаров

«Өзінің тәнін көрсетіп, бөксесін ашып атын шығаратын өзбек әншілерінің әрекеті бүтін ұлтты аздырып болды. Өсіп  жатқан ұрпақ әлеуметтік желіден осының бәрін көріп отыр. Біз солардың алдында айыптымыз, ұяттымыз. Жалаңаштанып күн көретін жұлдыздарды іс-әрекетіне тыйым салатын, қатаң жазалайтын кез-келді. Ұяттары жоқ…» деп жазыпты басылым.

Осы іспен тікелей айналысып жатқан «Өзбекнауо» бірлестігі желіге жалаңаш суретін жариялаған әнші мен әртістің лицензиясын тартып алмақ. Бұл дегеніңіз, әлгі адамның әрі қарай ән айту құқығынан айырылатынын білдіреді.

Ал өзбектің Мәдениет министрлігі: «порнографиясын жұртқа паш ету барып тұрған ақымақтық. Бұлар өзін ғана емес, қоғамды да бүлдіріп болды» дейді.

Бұдан бұлай кеудесін ашқан немесе арқасын жалаңаштаған әншілердің суретін көрсе, министрлік әлгілерді қатаң жазалайтын болады.

«Осы күннен бастап біз әншілердің әлеуметтік желідегі парақшасынан аңдитын боламыз. Ұятсыз сурет пен видеоларды көзіміз шалса бірден өшіруді талап етеміз. Ал сөзімізге құлақ аспаған әншілердің лицензиясын тартып аламыз» дейді бұл ретте «Өзбекнауо» бірлестігінің төрағасы Одилбек Әбдукахаров.

Бұл заңның арты неге алып келері белгісіз. Өзбектің әнші-әртістері бұдан кейін жалаңаштануды қояр ма екен?

Дереккөз: 365info.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары