$ 494.87  520.65  4.91

Зорланды деген 7 жасар баланың ісіне шетелдік сарапшылар араласты

ОҚО Сарыағаш ауданындағы зорланды деген 7 жасар баланың ісіне шетелдік сарапшылар араласа бастады. Бұл туралы қоғам белсендісі Аружан Сайын өзінің Instagram-парақшасында мәлімдеді.

"Бүгін отандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен кезекті тергеу жұмсытары жүргізілді. Оған Грузия, Қырғызстан және Ресей мамандары қатысуда. Барлық сарапшы істі жарияламау туралы қолхат жазып берді. Біз қорытындының әділ болатынынан үміттенеміз. Сексуалды зорлық-зомбылық ісіне қатысты тергеу құпия жүретіндіктен ондағы мәліметтерді ешкім жария ете алмайды. Барлық мәліметті ҚР Бас прокуратурасының өзі беруі тиіс. Алда әлі өзге де экспертизалар күтіп тұр", - деді Аружан Сайын.

Қоғам белсендісі сондай-ақ, баланың анасына көмектесіп жатқан барлық жомарт жандарға алғысын айтты.

"Баланың анасы алғыс айтып жатыр. Әрине, оған қазір өте ауыр, бірақ ол қандай жағдай болмасын, өз ұлын соңына дейін қорғауға дайын", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары