$ 491.7  531.28  5.07

Жылы су ішіңіз: Баян Алагөзова сұлулықты сақтаудың құпияларын айтты

Баян Алагөзованың сұлу да сымбатты келбетіне қызығатын келіншектер біршама. Бұны өзі де жақсы білетін продюсер Instagram-парақшасындағы жазылушыларына дене күтіме қатысты кеңес айтты.

«Еріншек адам ешқашан сұлу бола алмайды. Менен "жастық пен сұлулықты қалай сақтауға болады?" деп сұрайтындар көп. Жауабым – тек қана еңбекпен. Өздігімен ешнәрсені де сақтап тұра алмайсың. Таңертең, кешке 20 реттен жатығу жасаңыз. Күніне кем дегенде газдалмаған жылы судан 2 литр ішіңіз.
Тәттіден, қуырылған, майлы, ащы және тұзды тағамдардан бас тартыңыз. Газдалған сусындарды мүлдем ішпеңіз. Тәрелкедегі тамақтың тек жартысын тауысыңыз. Қысқасы әлсіз адамдардың қолынан сұлу болу келмейді. Ең бастысы, сұлу әйел – ол мейірімді әйел. Оның жүзінің түсі бір басқа болады. Ол іштарлық дегенді білмейді. Басқалар үшін қуана алатын, кішіпейіл әрі өзгеге жақсылық ойлайтын әйел. Әрі қарай жалғастырайын ба?» – деп жазбасын сұрақпен аяқтады Алагөзова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары