Қостанай облысының Қарабалық ауданында әскери қызметкер құдықтан шақалақтың денесі тапты. Аталған фактіні ҚазАқпарат тілшісіне ҚР ҰҚК 2031 шекара бөлімі командирінің орынбасары Рахмедин Уәжитов растады.
Оқиға 3 сәуір күні Қарабалық ауданының Кеңарал ауылында болған.
«Кеше сағат 19:00-дер шамасында шекара қызметкері құдықтан су алмақ болғанда шақалақты көрген. Ол бастапқыда қуыршақ деп ойлаған. Кейін анықталғандай, бұл нәрестенің денесі болып шықты. Оқиға орнына жергілікті құқық қорғау органдарының қызметкелері келді», - деді Р.Уәжитов агенттік тілшісіне.
Облыстық ІІД бұл факті бойынша мәлімдеме жасаған жоқ.