$ 498.34  519.72  4.85

Айқайлап жылап жіберді: Жігіт көлігімен қағып, қашып кеткеннен кейін қайтыс болғандардың өз ұлы мен әйелі екенін білді

Қытайда мас жүргізуші әйелі мен ұлын қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кетті деп жазды The Daily Mail

Жантүршігерлік трагедия Шандунь провинциясының Цзыбо қаласында болған. Әйел баласын ертіп кешкі асқа туыстарының үйіне электр скутермен жолға шыққан. Осы уақытта оларды қарсы тараптан үйіне келе жатқан отағасы фургонмен қағып кетеді.

Жол апатына кінәлі бірден оқиға орнынан қашып кеткен. Бала сол жерде жан тапсырды. Ал әйел ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.  

Ер адам бірнеше сағаттан кейін ұсталды. Полицейлер оған әйелі мен ұлын қағып кеткенін хабарлаған. Жүргізуші ауыр қайғы мен ұяттан айқайлап жіберген.  

Дереккөз: Sputniknews.kz 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары