$ 441.66  475.14  4.86

Хайпажоры: Байзақова мен Ахмадиевті мазақ еткен жаңа бейнебаян жарыққа шықты (ВИДЕО)

Қазақстанда «Show Kraski» деген атаумен жаңа музыкалық жоба пайда болды. Қара нәсілді екі жігіт «Хайпажоры» атты алғашқы әндеріне бейнебаян түсіріп те үлгерген. Олар жаңа туындыда атышулы блогер Айжан Байзақова мен рэпер Жан Ахмадиевті мазақ етіпіпті.

Байзақова жаман қатты хайп ұстады.
Биыл Жан Ахмадиев өз әйелін сабады.
Мұны көрмеген Қазақстанда биыл адам қалмады, -

деген олар, Қайрат Нұртас пен ресейлік әнші Нюшаны да назардан тыс қалдырмаған. Сондай-ақ, сөз арасында танымалдылыққа құмар актер, вайнер Жека Фатбелли де айтылады.

«Біз сіздерге нағыз бомбаны дайындап қойдық. Сондықтан тизерді көріп күлкіге батыңыздар», – дейді жігіттер. Бұл бейнебаянды көрген әлеуметтік желі қолданушылары «жаңа жұлдыздарды» қолдай жөнелген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары