$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте балмұздақ сататын дүңгіршектің екі қызметкерінен сальмонеллез инфекциясы табылды

Шымкент қаласында балмұздақ сататын дүңгіршектің екі қызметкерінен сальмонеллез қоздырғышы табылды. Өткен аптада дәл осы дүңгіршектен балмұздақ алған тұрғындар тәттіден уланып, ауруханаға түскен болатын.

Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мамандарының айтуынша, алғашқы күні алынған сынаманың алдын ала қорытындысы осындай күдік тудырған. Аталмыш қоздырғыш балмұздақ жеп уланған науқастардың да ағзасынан табылған деп мәлімдейді Astana арнасы.

Шымкентте балмұздақты әзірлеуде санитарлық ережелердің бұзылуынан 188 адам жаппай уланған. Кәсіпкер тәттінің қоспаларын үйде, санитарлық талапқа сай келмейтін жағдайда әзірлеген. Микробиологиялық тексеруге 25 заттан сынама алынған екен. Дәрігерлер сол заттардың 24-інен сальмонеллез, стафилакок сынды тағы бірнеше қозырғыштар табылғанын айтты. Сондай-ақ талапқа сай емес жасалған қауіпті балмұздақты сатқан дәмхана мен балмұздақ қоспасын әзірлеуге қатысқан барлығы 12 адамнан анализ алыныпты. Кейбір жұмысшылардан медициналық тексеруден өткенін растайтын кітапша мүлдем болмаған. Ал екі адамда сальмонеллез болуы мүмкін деген күдік бар.

«Екі қызметкерден сальмонеллез деген жұқпалы індеттің қоздырғышы анықталуда. Оның өзінің тағы да процесі болады, өзі  қояды, рекциясын қояды, басқасын қояды. Бүгін кешке тексерген нәтижесінің қорытындысын осы екі қызметкердің бізге хаттама ретінде береді біздің лаборатория. Балмұздақ қоспасы арнайы талаптарға сай рефрежераторы бар автокөлікпен емес, өзінің жеке көлігімен тасымалданып келген»,-дейді  ОҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің  басшысы Нұрбек Нышанов.

Бір айта кетерлігі, балмұздақ сататын дүңгіршектің нақты қай уақыттан бері сауда істеп келгенін жауапты мекемелердің ешбірі білмейді. Білетіндері дәмхананың 2004 жылы ашылғаны. Қоғамдық денсаулық сақтау департаментіндегілер оның қожайыны балмұздақ сататыны туралы арнаулы орындарға ескертпегенін айтты. Енді жаппай улануға қатысты іспен полиция да айналысып жатыр.

«Бүгінгі таңда ішкі істер бөлімдеріне арызданған адамдардың саны 103-ті құрап отыр. Сотқа дейін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»,-деді ОҚО ІІД ресми өкілі Салтанат Қаракөзова

Жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген 188 науқастың бүгінге дейін 99-ы үйіне шығарылған. Оның 57-сі ересек, 24-і жасөспірім және үшеуі бала. Ал науқастардың 27-інен сальмонеллез анықталған.

«Қазіргі таңда ауруханада 89 ауру емін жалғастыруда. Түгел аурухана көлемінде дәрі-дәрмектермен, медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Аурулардың жағдайлары қазіргі таңда орта дәрежеде»,-дейді ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев.

Осы жағдайдан соң өңірдегі барлық балмұздақ және жеңіл тағамдар әзірленетін орындарда түсіндіру жұмыстары басталып кетті. Кәсіпкерлер палатасының дерегінше, Шымкентте елуден астам балмұздақ сататын  орын бар. Ал өрескел кемшіліктерге жол берген дүңгіршекке қатысты  қоғамдық денсаулық сақтау департаментіндегілер сотқа талап-арыз бергендерін мәлімдеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары