Қазақстандағы ақпараттық сайттарға көңілі толмайтынын айтқан Айсәуле Бақытбек өз интернет порталын ашты. Танымал продюсер Баян Алагөзованың қызы өз сайтында тек шындықты жазамын деп құлшынып отыр.
«Сіздермен бөлісетін сәт келді! Өздеріңіз де білесіздер, мен біздің өсек жазатын жаңалық порталдарымыздың ешқайсысын ұнатпаймын. Мен әрқашан халықтың сөзін сөйлейтінімді де білесіздер. Біздің еліміздегі үлкен проблемаларды айтудан қорықпаймын және айтқанымнан еш қайтпаймын. Енді бәрін тек бұл жерде ғана жазбаймын. Өңдеусіз берілген шынайы жаңалықты оқығыларыңыз келе ме? Елімізде жаңалық берудің жаңа үлгісімен танысқыларыңыз келе ме? Миларыңызды керек емес дүниелермен толтырмай, жаңа форматтағы жаңалық оқығыңыз келсе біздің тәуелсіз HOLA NEWS порталын ұсынамын», – деп жазды Айсәуле Бақытбек өзінің Instagram-парақшасында.
Осылайша, өз ісін дөңгелетуді қолға алған Айсәуле оқырмандары арасында байқау да жариялады. ол үшін порталдың мобильді қосымшасын жүктеп алу керек.