$ 488.45  529.19  5.04

Төсекте күшті еді: Жап-жас келіншек бұрынғы күйеуінің көңілдесі боп жүргенін айтты

Әлеуметтік желіде жиі отыратын адамдардың бірімін. Кеше сол «өсекторды» ақтарып отырып, Мира деген біркеліншектің жазбасына көзім түсіп кетті. Оқымасқа болмады. Өйткені «секс, ойнас, көңілдес» деген жазбаларды ешбір еркек жібермейді.

Мен де сол. «Бірінші күйеуімнің көңілдесіне айналдым» деген жолдарды шалып қалған соң, келіншектің жазбасын оқуға деген қызығушылығым оянды. Оқып шығып ойланып қалдым. Сосын астына «арсыз қатын екенсің» деп бір ауыз пікір жаздым. «Неге арзыз қатын» деп жазды дейсіңдер ғой?! Онда әлгі келіншектің жазбасын оқыңдар.

Көшіріп алып, салып отырмын:

«Мен міне, бірнеше ай болды, бұрынғы күйеуімнің көңіл көтеретін ойнасына айналдым. Онымен екі жыл бұрын ажырасып кеткенмін. Өңді, денелі жігіт еді. Бизнеспен айналысады. Ортамызда үш жасқа келген бір бала бар. Бірақ күйеуімнің мінезі солай ма, білмеймін, боқауыз. Көрінген нәрсеге бола мені боқтап, кейде елдің көзінше ұрып та тастайтын. Онымен бірге қонаққа барудан қалдым. Үнемі мені жұрттың көзінше келмеждеп, кекетіп, мұқатып отыратын. «Бұл бейшара қатын маған кездесіп адам болды ғой. Тексіз, қайыршы отбасынан шыққан қыз ғой. Күйеу бала ретінде жылына бір рет қонақ болып үйіне барсақ, шешесі рошки, вермешел пісіріп алдымызға қояды. Мұндай масқараны еш жерде көрмеппін», деп достарының ортасында мені мұқатып отырғаны. Ер азамат болып басқа әңгіме айту жоқ.

Өзге еркектер әйелін қолпаштап, қайын жұртының жоғын жасырып, барын асырып отырушы еді. Менің күйеуім керісінше сайрайды. «Қажеті қанша қаза беріп, қалай десең де әйеліңмін, ұлыңды бағып, үйіңді қарап, тапқаныңды ұқсатып отырмын. Енді маған не дейсің? Отбасым, жарым, балам деп күн кешетін кезің жетті ғой» десем, «Ой шешеңді… маған ақыл айтпа, сен кімсің? Тексіз миғұла», деп жуан жұдырығын ала жүгіретін.

Содан бірнеше рет «тексіз, қайыршының қызы, кет. Мен дұрыс жерден қыз аламын» деп ұрған соң, ажырасып кеттік.

Ұл менде қалды. Ол баласын да, сені де артымнан іздеп келмеді. Сөйтіп жүргенде Досымбек ағаны кездестірдім. Өте қарапайым жан. Менен 20 жас үлкен. Сөзіміз жарасып, шаңырақ құрдық. Ол менің баламды өз баласындай көрді. Шеттеппеді. Ұлым деп еркелетіп, ойнатып жүргені. «Бақытымды енді таптым. Тәубә. Ұзағынан болғай», деп ішімнен тілеу тілеп, жүріп жаттым. Қызды болдық. Досымбек жұмыста. Одан қалса, кітапханда отырады. Доктырлықты қорғаймын деп жүгіріп жүр.

Бір күні адресті қайдан тапқаны белгісіз, бұрынғы күйеуім Жомарт келіп тұр. Сәл ішіп алған сияқты. Өңі қызарып кеткен. Бір пәле жасайды-ау деп шошып кеттім. Досымбек жұмыста еді. Қорыққанымды білдірмей, салқын қарсы алдым. Кішкене қызым бесікте ұйықтап жатқан. Ал ұлымыз балабақшада.

– Ұлым қайда көргім келеді, деді. «Оны қайтесің? Өзің ғой, бала қажет жоқ деп отказ берген. Енді есіңе түсті ме?» деп едім, – ей, сен не деп тұрсың. Қазір сені бауыздап өлтіріп кетемін, деп тап берді.

Қорыққанымнан орнымнан қозғала алмай қалдым. Ол мені төсекке алып ұрып, ойындағысын істеді. «Қазір күйеуім келеді» деп қарсыласқаныма қарамады. Тыр жалаңаш шешіндіріп, үстімнен түспей қойды.

Рас, ол күшті еді. Төсектегі қимылын айтамын. Екінші күйеуім Досымбек ондай емес. Аптасына төсекте бір болсақ, болды. Болмаса ол да жоқ. Үйде түнімен қағаз шұқылап отырғаны. Қашанғы оны күтіп отырамын? Ұйықтап қаламын. Төсек қатынасына тым сирек барамыз.

Ал мына Жомарт ондай емес. Төсекке бір жаттық па, түннің бір уағына дейін аймалап, үстімнен түспейтін. Айызым бір қанып қалатын. Бұл жолы да солай болды.

«Күйеуім ұлымды балабақшадан алып келетін кез қалды. Өтінемін, кетші» деп жалындым. Бір жағынан оның қарулы құшағында жата бергім де келді. Қалай десең де, алғаш етегімді көтерген күйуім ғой.

«Бұдан былай кездесіп тұрайық. Егер қашатын болсаң, ошағыңды ойрандаймын. Баламды тартып әкетемін», деп қорқытты. Бір жағынан «ақшалы адам ғой. Біреуді жалдап, қырып кетіп жүрер» деп қорықтым, екінші жағынан төсектегі қарулы құшағын аңсап, «несі бар, бөтен емес, бұрынғы күйеуім ғой. Кездессем кездесіп тұрайын» деп оған келісім бердім.

Міне, содан бері бірнеше ай өтті.

Бұрынғы күйеуіммен жасырын кездесіп тұрамын. Оның көңілдесіне айналдым.

Кейде ол «қайта қосылайық, бәрі дұрыс болады» деп қояды. Ол ұсынысын қабылдаудан қорқамын. Досымбекті тастап, Жомартқа қайта барғасын ол баяғы тірлігіне қайта баса ма, кім білсін?

«Басқа еркекті көрдің, біреудің қатыны болдың» деп өткен өмірімді бетіме басып, тағы ұрып соғып, кері қуып жібере ме? Өзімді «жаным» деп аймалайтын, балаларымды «құлыншақтарым» деп еркелететін Досымбектен айрылып қаламын ба?

Бірақ қашанғы біреудің ойнасы болып, құмарын қандыратын қуыршағы болып жүремін?

Досымбек біліп қалса қайтемін, деген ойлар қазір басымды шырмап алды. Бір ақиқат дүние – не бұрынғы күйеуіме қайта қосылу, не қазіргі күйеуімнің көзіне шөп салғанды тоқтатып, бір жағына шығу. Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді деген бар емес пе? Маған соның бірін таңдау керек. Не істерімді білмей жүрмін».

Міне, Мира деген келіншектің жазбасы осы. Сіз не дейсіз. Мен «арсыз қатын екенсің» деп жазып қойдым.

Төреғали Тәліп

Дереккөз: 365info.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары