7-арнадан шығатын «Өз ойым» бағдарламасының жүргізушісі Алмас Алтай атышулы Мақсат Үсеновтің құрбысы болған арудың төсін эфир кезінде ұстап көрмекші болды. Бұл видеоны әлеуметтік желіге Алмастың әріптесі әрі танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жариялады.
Өзін Айдана деп таныстыратын Аделя Ким жақын арада қабағын көтеру үшін пластикалық операция жасатпақшы екен. Бұрынғы стриптиз билеушісі бұдан кейін «көзқарасым әдемі болады» дейді.
«Қасымды көтергім келеді. Операция кезінде қабақтағы артық тері мен көздің астында салбырап тұрған ісікті алып тастайды. Сонда әдемі болады», - деген Айдана екі жыл бұрын ернінің көлемін үлкейткенін де айтып қалды. Еріндері сол қалпында қалуы үшін ол әдісті 4-5 айда бір рет қайталап отырады екен.
Тележүргізуші Алмас Алтай болса жасанды еріннің қандай болатынын көргісі келіп алдымен Айдананың еріндерін ұстады, кейін бойжеткеннің төсіне қол сала бергені сол екен, қыз оның қолын қағып, әйелі бар екенін еске түсірді.