$ 494.87  520.65  4.91

Қысқа толқынды пешке жұмыртқа пісірген әйел оңбай күйіп қалды (ФОТО)

Ұлыбританиядағы Манчестер қаласының тұрғыны Дайан Кобб интернеттен көрген әдісі бойынша қысқа толқынды пешке жұмыртқа пісірмек болады. Алайда, сәтсіз әдіс оны ауруханадан бір-ақ шығарады деп жазады life.ru.

55 жастағы әйел бұған дейін интернетте түрлі аспаздық бағдарламалар мен роликтерді көріп, үйінде эксперимент жасайды екен. Бірақ бұл жолғы әдісі мүлде сәтсіз аяқталды. Қысқа толқынды пешке салған жұмыртқасы стаканымен қосыла жарылып, оның беті мен төсін күйік шалды.

"Бұл қарапайым күйіктен әлдеқайда жаман. Маған терім өртеніп жатқандай болып сезінді», –  дейді Дайан Кобб.

Манчестер тұрғыны дер кезінде ауруханаға жеткізіліп, тиісті ем-домын қабылдаған. Эксперимент жасаймын деп зардап шеккен әйел жұртты интернетте не көрсе соны жасай бермеуге шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары