Маркос Родригес Пантоя Испанияның Кордова провинциясының тауларында қасқырлармен бірге 12 жыл өмір сүрген. Маркос 19 жасқа келгенде оны Испанияның азаматтық гвардиясы тауып алып, оны өркениетті заманға әкелген. Бірақ қазір 72 жасқа келген Маркос, адамдардың арасында өмір сүруге әлі бейімделмеген деп жазады bigpicture.ru.
Маркос Родригес Пантоха 1946 жылы Аньор қаласында дүниеге келген. Ол үш жасқа толғанда оның анасы қайтыс болып кеткен. Ал әкесі баласын тастап, көрші қаладағы басқа әйелмен көңіл қосқан. Әкесі Маркосты қарт шопанға көмектессін деп тауға апарып тастаған. Біраз уақыттан кейін қарт шопан қайтыс болған, ал бала жапан далада жалғыз өзі қалған. Кейін ол үңгірлердің бірінен күшіктерімен тұратын қасқырды кездестірген. Содан бері Маскос қасқырлардың арасында өмір сүрген.
Жабайы жыртқыштармен өмір сүрген ер адамның осы уақытқа дейін қалай аман қалғаны белгісіз. Бірақ оны азаматтық күзетшілер тауып алған кезде, ол жануар секілді улыған екен. Маркос халық арасына оралғанымен, әлі күнге дейін адамдармен өмір сүруге бейімделе алмады. Ол тіпті қасқырларға қайта оралғысы келген. Бірақ енді қасқырлар оған өздерінің отбасы мүшесі ретінде қарамайды.
«Қасқырлар әлі сонда. Мен оларды шақырсам, маған жауап ретінде белгі береді. Бірақ олар маған жақындағысы келмейді. Себебі мен әтір қолданғандықтан, менен адамның иісі шығады»,-дейді Маркос.
Маркос өміріндегі бақытты сәттердің қасқырлармен болғанын есіне алды. Ол өзіне ана ретінде мейірімін төккен қасқыр мен оның күшіктерімен өткен уақыт өміріндегі ең ыстық естеліктер екенін айтты.
Олар Маркосқа жабайы табиғатта аман қалуды үйреткен. Оны асыраған қасқырлар оған саңырауқұлақтар мен жидектердің қауіпсіз және улы түрлерін көрсеткен. Маркос үңгірде жарқанаттармен, жыландармен және бұғылармен бірге түнеген кездерін есіне алды.
Бірақ бұл бақытты сәттер 53 жыл бұрын оны тауып алған кезде аяқталды. Содан бері Маркостың өмірінде ешқандай қызық қалмады. Ол футбол мен саясат туралы аз білетіндіктен, елге алданып қалады екен.
Қазір Маркос Оренс провинциясындағы шағын ауылда тұрады. Адамдармен бірге өмір сүруге үйренбеген Маркос өзін жақын тарқан кейбір көршілеріне қунышты екенін айтты. Ол балалармен жануарларға деген сүйіспеншілік пен қоршаған ортаны қорғау қажеттілігі туралы әңгіме еткенді ұнатады. Кейді тіпті Маркосты мектептерге дәріс беруге шақырады. Елу жыл бойы адамдарға бауыр баса алмаған Маркос тек балалардың ортасында ғана өзін жайлы сезінетін секілді.
Дереккөз: Stan.kz