$ 443.44  480.51  4.88

Ләйләнің жүрегі құлыптаулы

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қыз-келіншектерге күйеуі сыйлаған алқаны көрсетіп мақтанды. Әр ер-азамат әйеліне өзінікіндей құлып пен кілттен тұратын алқа сыйласын деген ол жұрттың сынына қалды. Сондай-ақ, Instagram-парақшасына тележүргізуші жұбайының өзіне қоятын талаптарымен де бөлісті.

1. Жұмыстан күйеуімнен кейін үйге келуге болмайды. Ол үйге келгенде міндетті түрде өзім қарсы алуым керек. Қайрекеңді танитындар біледі.
2. Сүйретпесін беріп, сыртқы киімін алу ұлдардың міндеті.
3. Не әңгіме болса да шәй ішіп, көңілі жайланған кезде айтылуы тиіс. Ұлдар екі алып, көшеде төбелессе де, - деп бастады әңгімесін тележүргізуші.

«Осы жерде мойныма таққан құлып пен кілт туралы айтсам, қыздардың мойнынан жиі кілт алқаны таққандарды көруге болады, ал құлып пен кілт тұрмыстағы келіншектердің тағатыны. Бұл жүрегім құлыптаулы деген сөз. Ал бұл құлып пен кілтті сүйікті жарлары сыйлау керек», - деп жазады Ләйлә Сұлтанқызы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары