$ 494.87  520.65  4.91

Ондай адреналинді қайта сезіне алмадым: Алматылық арулар көшеде жыныстық қатынасқа түсудің жолдарын айтты

Соңғы кездері көшеде жыныстық қатынасқа түскендер көбейіп кетті. Тіпті, полицияға бір емес бірнеше рет түсіп, айыппұл төлегендер қаншама. Алайда, алматылық қыздар таза ауада жақындасудың өзі өзгеше сезім сыйлайтынын жеткізіп, көпке кеңес берді.  

"Жыныстық қатынаспен айналысу үшін алдымен адам байқамайтын орынды таңдап алу керек. Мәселен, Медеу мен Шымбұлақ, тау саяхаты мен ағаштардың арасы таптырмас орын», – деп бастады сөзін қыздардың бірі.

Ал екінші бір бойжеткен сүйіктісімен саябақта жақындасқанын еске алды.

"28 панфиловшылар паркінде түнгі уақытта жыныстық қатынасқа түсіп көрдік. Әрине ешкімнің көзіне түспедік. Бірақ, сол түн әлі есімнен кетпейді. Ондай адреналинді қайта сезіне алмадым", – дейді алматылық ару.

Қыздардың бірі тіпті полицейлердің қолына түсіп, айыппұл да төлегенін айтады.

«Бір емес бірнеше рет тұтқындалдық. Бірақ сонда да таза ауадағы бұл сезімді сөзбен жеткізу мүмкін емес» , – деді ол.

Ал заңгер Қайсар Егізбаев қоғамдық ортада жыныстық қатынасқа түскендерге 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатынын жеткізді. Егер бұндай заңбұзушылық балалардың көзінше болса, қылмыстық жауапқа тартылып,  5-10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Дереккөз: Comode.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары