Ақтөбе қаласындағы шағынаудандардың үлкен қоқысханаға айналғандай. Жергілікті тұрғындардың бірі мұны бейнекамераға түсіріп, әлеуметтік желі арқылы жергілікті әкімдікке назын айтты.
«Қайырлы күн ақтөбеліктер, Жилгородок ауданының тұрғындары! Бірақ ендігіде бұл ауданда адамдарын астаналықтар деп айта беруге де болатын шығар. Облыс әкімі, қала әкімі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметкерлері, айналаны қоқыстан тазартатын мекеме жұмысшылары мынаны көріп алыңыздар! Сіздер өздеріңізге жүктелген міндетті дұрыс атқармайсыздар. Бұл әрекеттеріңізге қарап ренжимін. Сөзде тұра алмайтындарыңызды көрсетіп отырсыздар. Ауданды жақсарту үшін де Алматы-Астана атауларын қойғыларыңыз келді емес пе? Бірақ аудан мынадай қоқыстан көрінбей жатқанда ол ойларыңыз іске асады деп ойламаймын. Астана ауданынан сіздерге дұғай сәлем!» - дейді бейнежазба авторы.
Айта кетейік, қала әкімі осыдан аз күн бұрын Ақтөбедені екі ауданға бөліп, оларға Алматы және Астана атауларын беретінін айтқан болатын.