$ 494.87  520.65  4.91

«Салбырап жүр…» Тұрсын Алагөзов махаббат күніне Баянға арнап видео жариялады

Тұрсын Алагөзов Баянмен бірге түскен тағы бір видеосын Instagram-парақшасына жариялады.

Мұның сыры елімізде “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” бейресми мерекесінің тойлануымен байланысты болып шықты.

Айта кетелік, бірнеше қоғам белсендісі бастама көтеріп жүріп, махаббатқа елімізде бір күнді арнауды әдетке айналдыруды ұсынып еді. Осылайша 15-сәуір “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” күні деп аталған. Бұл діни мереке — әулие Валентиннің насихатын бәсеңдетеді деген ниеттен туындаған еді.

Тұрсын Алагөзов жүктеген видеода ол өзінің жары Баян Алагөзованы көшенің ортасында көтеріп, шыр айналдырып жүр. Ар жағында француздың "Мен сені сүйемін" деген атақты әні шырқалуда.

Желідегі бір лек қос ғашықтың бұл қылығын құптаса, сол секілді оны жақтырмағандар да табылып жатыр: "Мынасы несі, салбырап жүр.  Далбалдай қатын екені көрініп тұр ғой, көтере алмай жүр" деп жазды.

Ал Баян Мақсатқызы атаулы күнге орай ғашығымен түскен суретін жариялап, арнайы жазба жазды:

"Бүкіл әлем қарсы болса да, жақсы көріңіздер. Махаббат мерекесі құтты болсын!".

Дереккөз: 365info.kz

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары