$ 491.7  531.28  5.07

Павлодарда қоқыс жәшігінен табылған сәбидің атын қойды

Павлодарда қоқыс жәшігінен табылған сәбиге ресми есім берілді. Тастанды балаға туу туралы куәлік жасатқан атқамінерлер оның ат-жөнін Дамир Дүйсенбек деп жазуды жөн санапты деп мәлімдейді  КТК телеарнасы.

Ер балағы мұндай есімнің берілуі тектен тек емес. Қаңтар айында дүйсенбі күні ауруханаға жеткізілген оны ақхалаттылар өзара Дүйсенбек деп атап кетсе, балалар үйіндегі мамандар оған Дамир есімін беруді жөн санаған. Осылайша шақалақ мекемеде Дамир Дүйсенбек деп тіркеліпті. Қазір нәрестенің жағдайы жақсы. Бастапқыда мұнда үш келі болып түскен оның салмағы алты келіге жақындап қалған екен.

Естеріңізге сала кетсек, жаңа туған шақалақты осыдан үш айдай бұрын шаһар тұрғындарының бірі қоқыс жәшігінен аңғарып, оқиға орнына полицейлерді шақыртқан болатын. Қақаған аязда  бір сағаттай жатып қалған нәресте бұдан соң ауруханаға жеткізілген еді. Ал көкек анаға іздеу жариялаған полицейлер әзірге оны еш жерден таба алар емес.

“Қазір бұл бала сайтта түрған жоқ жетім бала және ата-ана қорғаншылығынсыз салған балаларға сайт бар. Сол сайтқа әлі енгізілген жоқ. Оның себебі – әлі де іздестіру жұмыстары жалғасуда. Осы іздесіру жұмыстары біткен кезде бұл сайтқа баланы енгіземіз. Сол сайтқа кіргеннен кейін бала бір отбасына барады деген сенімдеміз”, – дейді  Павлодар облысы мамандандырылған балалар үйі бас дәрігерінің міндетін атқарушы Сандуғаш Смағұлова.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары