$ 498.34  519.72  4.85

ОҚО-ның тұрғындарының бетіне белгісіз жара шыға бастады

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыс ауданының тұрғыны белгісіз індеттен жапа шегуде деп жазады Nur.kz. Оның айтуынша, бұл аурумен ауыратындар саны аймақта өсіп келеді екен.

ОҚО-дағы Арыс ауданы, Аққала ауылының тұрғыны өткен жылдың қараша айынан бері бетіне шыққан жарадан құтыла алмай келеді. 80 жастағы Теңгегүл әжейге дәрігерлер әр күн сайын жаңа диагноз қояды екен. Бірақ мұны қалай емдеу керектігін бірде-бір маман иесі айта алмапты.

Әжейдің немересінің айтуынша, ауылда бұл індеттен бірнеше тұрғын жапа шегіп отыр. Беттегі жара ауыртып, қышытады. Осы індеттен құтылған біреу болса, емін айтса деп отыр.

«Ауылдағы бірнеше адамда осындай жара пайда бола бастады. Дәрігерлер емдей алмай жатыр. Біз қайда барарымызды білмей қалдық. Мүмкін қазіргі экологияның кесірінен де шығар. Бұл індетпен ауыратындар көбейіп кете ме деп қорқамыз. Сондықтан ауылымызға арнайы маманның келіп тексеруін қалаймыз», – дейді науқас әжей.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары