$ 494.87  520.65  4.91

Сұлтанқызы эфирге трансвеститті жезөкше екенін біле тұра шақырған: Көпшілік танымал тележүргізушінің эфирден кетуін талап етті

Сұлтанқызы эфирге трансвеститтің жезөкше екенін біле тұра шақырған: Көпшілік танымал тележүргізушінің эфирден кетуін талап етті.

Жақында ғана youtube видео-порталынан шығатын «Өз ойым» бағдарламасына Ләйлә Сұлтанқызы трансвеститті шақырып, сұхбаттасқан. Мектеп жасында өзінің зорланғанын айтқан ер адамның «жезөкше» екені желіде желдей есіп, дауға айналды.

Facebook-парақшасындағы «Терең мағыналы сөздер» тобы Ләйлә Сұлтанқызының трансвеститпен түскен суретін жариялаған. Жако Жан есімді автор «Ләйлә Сұлтанқызы эфирге трансвеститтің жезөкше екенін біле тұра шақырған. Кетсін дегендер жазсын» деп жазба қалдырған.

Желі қолданушыларының дені тележүргізушіні айыптап, оның телеарнадан кетуін талап етіп отыр. Ал кейбірі, бағдарламаның жәй ғана шоу екенін әрі рейтинг үшін тележүргізушілердің түрлі қадамға баратынын айтып бағып жатыр.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары