$ 494.87  520.65  4.91

Парфюм дүкенінен әтір ұрламақ болған қыз ұсталып қалды (ВИДЕО)

Оқиға Қазақстан қалаларының бірінде болған. «Beautymania» косметика және парфюм дүкенінен қымбат иіссу ұрламақ болған қызды сол орталықтың күзетшісі ұстап алыпты. Ал, болған жайттың видеосын Instagram желісіне жүктеген.

Дүкенге кірген қыз киімдерінің арасына косметика мен парфюмді толтырып салып алған. Бірақ шыға берісте күзетшілерге ұсталып қалады. Полиция қызметкерлерінің келуін күтіп тұрған күзетшімен сөзге келген қыздар, дүкен қызметкерлеріне былапыт сөздер айтқан.

Бейнежазбаның авторы ұрылар алып кеткен заттардың өтеуін қызметкерлер өз қалталарынан төлейтінін жазған. Ал әлеуметтік желі қолданушылары қазақ қыздарының бұл қылығын масқаралап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары