Қарғанды облысы Абай ауылында жүре алмайтын әйел 3 күннен бері далада отыр. Жүрек жалғау үшін ол қоқыс жәшігіне дейін әупірімдеп барып, сол жерге жата қалған деп жазады Ekaraganda.kz.
52 жастағы Светлана 20 күн бойы ауруханада жатқан. 3 күн бұрын оны дәрігерлер емі бітті деп шығарып жіберген.
«Аулада ойнап жүрген балалар әйелдің жатқанын көріп маған айтып келді. Сыртқа шығып, ыстық тамақ бердім. Жемеді. Үлкен дәретке отыруы қиын екен. Менен бұрын оны 1 қыз қоқыс жәшігінін жанынан тұрғызып, мына бір диванның үстіне отырғызып кетіпті. Үстіне көрпе жапқан», – деді сол жердің жергілікті тұрғыны Ольга.
Стветлананың құжаттары болмаған соң полиция да әкімдік те көмектесе алмай отыр. Ольга «әйел осылай жата берсе, оның өліп кетуі мүмкін» деп қорқады. Науқастың жалғыз қызы бар екен. Бірақ ол да анасынан бас тартқан.