Қазақстанның оңтүстік жағы көбіне салт-дәстүрді жақсы ұстанатындар болып келеді. Тіпті, осы өлкеде әлі күнге келін түскен күннің ертесі жеңгелері жас жұбайлардың төсегін тексеріп, арының тазалығына көз жетізетін кездері де болады екен.
Содан болса керек шалыс басқан шымкенттік бойжеткен желіге пәктігін орнына келтіретін жол іздеп шарқұрды.
«Жасырын шығарарсыз деп ойлаймын. Мен оңтүстіктенмін. Жігітіммен қосылып жүрген едік. Бар уәдесін үйіп-төгіп алып, енді мені тастап кетті. Анасының айтқанынан шыға алмайды. Өзі мені жақсы көреді. Тек анасы басып тастаған. Енді қыздық салатын жер керек болып тұр. Шымкенттенмін. Көмектесіңіздерші өтініш. Жақсы жер болса, айтыңыздаршы. Әр адам бақытты болуға лайық қой», – деп жазды бойжеткен Instagram-парақшасындағы топтардың біріне.