$ 494.87  520.65  4.91

47 жастағы әйел өзімен жыныстық қатынасқа түскісі келген күйеуінің жыныс мүшесін кесіп тастады

Татарстанда Васильево аулының тұрғыны бұрынғы күйеуінің денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды деп жазады Kazanfirst.

Оқиға 2017 жылы күзде орын алған. 47 жасатағы әйел күйеуімен ажырасқаннан, оның жыныс мүшесін кесіп тастаған.

Зардап шегуші мас күйінде ауруханаға жеткізілді. Бұл кезде оның жыныс мүшесі кесілген болған. Өз кезегінде дәрігерлер ер адам туралы полициға хабарлады.

Құқық қорғаушылар әйелді ұстаған кезде, екі пышақ пен қанмен былғанған халат тауып алған.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындаған жоқ. Ол сотта бұрынғы күйеуінің жиі жыныстық қатынасқа тартып, алымсақтық жасағанын айтты. Ерлі-зайыпты ажырасса да, уақытша бір үйде тұруларына тура келген. Ер адам бұрынғы әйелін жыныстық қатынасқа тартпақ болған жағдай жиі орын алған. Ал мас кезінде бұрынғы әйелінің денесіне қол жүгіртуі одан сайын жиілеген. Әйел осы жағдайдан мезі болған көрінеді.

Бірде ер адам мас күйінде жұмыстан үйіне келіп, бұрынғы әйелін тағы да жыныстық қатынасқа тартпақ болған. Тіпті, сол үшін қол жұмсайды. Мұнан кейін ер адам сабырға келіп, ұйықтап қалады. Осы кезде қатты ашуланған әйел қолына пышақ алып, бұрынғы күйеуінің жыныс мүшесін кесіп тастаған.

Естеріңізге сала кетсек, жыл басында Астанада осыған ұқсас жағдай орын алған еді. 36 жастағы әйел ашынасы көзіне шөп салып жүр еп күдіктеніп, оның жыныс мүшесін скальпельмен кесіп тастаған.

Дереккөз: Stan.kz 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары