$ 441.66  475.14  4.86

«Қытай Қазақстанды аңдып отыр»: желіде GPS-навигаторы мен қытайша жазуы бар кептерлердің видеосы пайда болды

Facebook әлеуметтік желісінде қауырсындарына қытайша жазу жазылып, екі аяғына GPS-навигатор жапсырылған кептердің видеосы көпшіліктің талқысына түсті. Әлеуметтік желінің кейбір қолданушылары оны Қытайдың Қазақстанды аңду үшін жіберген кептерлерінің бірі екенін айтуда.

Ал, өзгелері болса бұл кептерден ешқандай саяси астар іздеудің қажеті жоқ дейді. Яғни, мұндай GPS-қондырғыларды құстардың ұшу бағытын анықтау үшін барлық елдің ғалымдары пайдаланады екен.

Видео авторлары болса кептерлердің Қытайдан арнайы аңду мақсатында жіберілгеніне сенімді сияқты. Ол құс қауырсынында жазылған иероглифтің «шекара қызметі» деген мағынаны білдіретінін айтады.

«Міне қараңдар, қанатына дейін қытайша жазылған. Аяғында GPS. Штрих-коды бар, номерленген. Байқаңдар», - дейді видео авторы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары