Қайғылы оқиға Шымкенттегі Асар шағынауданында 21 сәуір күні күндіз болған деп мәлімдеді TVK телеарнасы. Информатика пәнінің мұғалімі мектеп кабинеттерінің бірінде асылып қалған.
Оқиға орнына полицейлер мен жедел жәрдем бригадасы шақырылған. Дәрігерлер педагогтың өлімін тіркеуден артық ешқандай шара қолдана алмады.
Алдын ала болжам бойынша, 1990 жылғы мұғалім өз-өзіне қол салған. Оның қоштасу хатын жазған-жазбағаны әзірге айтылмай отыр. Іспен тергеушілер айналысуда.