$ 443.44  480.51  4.88

«Ұлттық арнаға әкелмесем, тірі жүрер еді»: белгілі продюсер журналист Руслан Бөлебайды еске алды

«Сөккен әңгіме» интернет жобасында қонақта болған танымал продюсер Алтынбек Раxметов осыдан он жыл бұрын жол апатынан қайтыс болған журналист Руслан Бөлебайды еске алды. Айтуынша, Русланды ол біраз жыл бұрын «Қазақстан» ұлттық арнасына тележүргізушілікке өзі әкелген екен.

«Сағынбаймын. Сағынуға болмайды дейді. Сағынбаймын деп айтпаймын, бірақ еске алып тұрамын. Туған күні мен өмірден қайтқан күнін де білемін. Өкінетін бір ғана жағдай бар: мүмкін Ұлттық арнаға «Қайырлы таң, Қазақстан» бағдарламасын жүргізуге шақырмасам, осындай жағдай болмайтын ба еді деп өз-өзімді сөгетінім бар. Өзінің жүрген ортасында жүре бергенінде ұрынбас па еді деген ойлар кетеді. Өкініш те бар», - деген продюсер Руслан Бөлебайдың қазасына өзін кінәлайтынын жасырмады.

Айтуынша, Руслан жол апатынан қайтыс болатын күні Алтынбек оны іші сезгендей өзімен алып кеткісі келген екен, алайда олай жасамаған. Еске салайық, Руслан Бөлебай 2009 жылы 16 тамызда жол көлік апатынан қаза болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары