Мәскеуде дағыстандық сүйіктісімен араздасып, 4-қабаттан құлаған бойжеткеннің анасы желіге жан тебірентерлік жазба қалдырды.
«Махаббат – мейірім мен төзім. Ол тәкәпарлықтың не екенін білмейді. Жамандықтан ада. Қызым, өмір сүр. Біз сенімен біргеміз», – деп жазды Томиристің анасы Жанна Ахметова.
Желі қолданушылары кіршіксіз ана махаббатына бас иетіндерін жазып, Ахметовамен бір дұғада екендерін жеткізді.
Еске сала кетейік, ММХҚИ университетінің студенті, қазақстандық Томирис Байсафа 13 сәуір күні оқу орнының 4-қабатынан құлап кеткен болатын.