$ 494.87  520.65  4.91

КТК телеарнасының жоғалып кеткен операторы табылды

Сегіз күн бойы хабарсыз – ошарсыз жоғалып кеткен 30 жастағы КТК арнасының қызметкері Олжас Белгібаев үйіне қайтып келді деп жазады ҚазАқпарат.

Алматы қаласы Ішкі істер департаменті де бұл ақпаратты растады. Бірақ олар жас жігіттің осы уақытқа дейін қайда болғанын және оның қазіргі жағдайы туралы ешқандай түсінік бермеді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының 30 жастағы тұрғыны Олжас Белгібаев 21 сәуір күні үйінен кетіп қалған. Ол туыстарына киноға баратындығын айтқан. Сол күні ол үйіне оралмаған. Жас жігітті іздестіруді Бостандық ауданы ІІД-нің жедел тобы жүргізді. Олжас Белгібаев КТК телеарнасының бағдарламалық қызмет көрсету операторы болып жұмыс істеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары