$ 491.7  531.28  5.07

Алматы облысында 2 жасар бала шұңқырға құлап қайтыс болды

Алматы облысында кішкентай бала қазылған шұңқырға құлап кетіп қайтыс болды деп хабарлайды ҚР ІІД ТЖК баспасөз қызметі.

Оқиға 28 сәуірде Ынтымақ аулында орын алған.

ТЖК баспасөз қызметі мәлімдегендей, бүлдіршін үйінің ауласында үлкендердің қарауынсыз жүрген.

«28 сәуірде кешкі сағат 17:00-де Ынтымақ аулындағы Оспанов көшесінде жеке тұрғын үйдің ауласында ересектердің қарауынсыз жүрген 2016 жылғы бала абайсызда қазылған шұңқырға құлап кетіп, қайтыс болды», – деп мәлімденеді хабарламада.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары