$ 494.87  520.65  4.91

«Екі ұлымның бірі қоянжырық, екіншісі шетінеп кетті»: ағасына күйеуге шыққан әйел туыстық некенің залалы туралы айтты

Өзбекстанда туыстық некенің кең тарағаны белгілі. Ғалымдар мен дәрігерлер бұған түбегейлі қарсылық танытса да кейбір ұлттар осынау дәстүрлерін әліге дейін берік ұстанып келеді. Солардың бірі — өзбектер деп жазады anhor.uz порталы.

Аталған портал тілшісі өзінің нағашы ағасына күйеуге шыққан Хамида (есімі өзгертілген) есімді келіншекпен сұхбаттасып, туыстық некенің салдары туралы сұрап-білді.

Хамида нағашы ағасына әжесінің айтуы бойынша күйеуге шыққан. Дүниеге үш бала әкеліпті: екі ұл және бір қыз. Ұлдарының бірі айықпас аурумен туылса, екіншісі шетінеп кеткен. Тек қызы ғана аман-сау.

«Марқұм әжем мені нағашы жақтағы ағаммен үйлендіруді ойлапты. Бұл туыстық неке — туысқандардың байланысын одан ары нығайта түседі деп айтты. Бұған қарсымыз ба, жоқ па бізден ешкім сұрамады. Тіпті, ешқайсысы мұндай некенің соңы жақсылыққа апармайтынын да түсіндірмеді», — дейді келіншек.

Ағасына күйеуге шыққан Хамида мұның ауыр салдарын қазір тартып жүргенін айтады.

«Үлкен ұлым Жавохир қоянжырық болып туылды. 3 рет ота жасаттық. Бірақ, әлі де сақауланып сөйлейді. Қазір ол арнайы аппаратпен жүр. Ақауы үшін баламды футболға алмай қойды. Арманы футбол ойнау еді. Осы үшін балам қатты қынжылады», — дейді ол.

Хамида жұрттың «сенің балаң сүйкімсіз» деген сөздерінен мезі болыпты. Адамдардың осыншалықты қатыгез болуының себебін түсіне алмайды. Дәрігерлер оның шетінеп кеткен баласы да туыстық некенің құрбаны болғанын айтып отыр. 

Әйелдің жалданып жұмыс істемек болған күеуі де біраз жыл құлдықта болыпты. Құқық қорғаушылардың көмегімен ол босап шығып, қазір отбасымен қайта қауышқан.

Автор Хамида қаншалықты қиын өмір сүрсе де отбасының жағдайын жасап, балаларын тәрбиелеп отқанын айтады. Туыстық некенің зардабын тартып келе жатқан келіншек басқаларды бұл дәстүрді ұстанбауға шақыруда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары