Боулдердегі Колорадо және Ульм университетінің ғалымдары үй жануарларының болмауы қала тұрғындарының психикалық жағдайына әсер етуі мүмкін екендігін анықтады деп жазады Proceedings of the National Academy of Sciences.
Тәжірибеге 20-дан 40 жасқа дейінгі қырық неміс азаматы қатысты. Олардың жартысы шаруа қожалықтарында, ал екіншісі – үй жануарларын мүлде асырамаған қалалық ортада өскен.
Зерттеу барысында қатысушылар біраз уақыт ішінде математикалық есепті шешуге мәжбүр болды. Иммунитеттің реакциясын зерттеу үшін ерлерден тестілеуге дейін 5 минут бұрын, сондай-ақ 15, 60, 90 және 120 минуттан кейін қан және сілекей үлгілері алынды.
Нәтижесінде шаруа қожалықтарында өмір сүрген адамдардың қала тұрғындарына қарағанда күйзелісті қалыпты қабылдайтыны белгілі болды.
Ғалымдардың айтуынша, үй жануарларынан адамдарға берілетін микроорганизмдер оларды стресстік жағдайларға бейімделуге мүмкіндік береді және сәйкесінше психикалық бұзылулар мен аурулардың даму қаупін азайтады.
Дереккөз: Stan.kz