$ 494.87  520.65  4.91

«Қалаулымнан» құтыла алмай жүргенде... Отандық телеарнада қазақ қыздары жігітке таласуда (ВИДЕО)

Жігіт үшін қыздарды бір-бірімен жаға жыртыстырып қойған КТК телеарнасына жұрт ашулы. «Кел, келінім» деп аталатын тележобаның кезекті шығарылымында екі бойжеткен бір-бірін балағаттап, масқаралады.

Бағдарламаның мақсаты қыздарға жігіт тауып беру. Турасын айтқанда, жігітті қыздардың өздері «жеңіп алулары» керек. Яғни, 4 жігіт үшін 8 қыз таласып, түрлі іріктеулерден кейін әрбірі өз жұптарына қосылуы тиіс.

Алайда, Facebook желісінің қолданушылары бұл тележоба қазақ менталитетіне сай емес екенін айтып, оны жабуын талап етіп отыр. Кейбір көрермендер «қазақ қыздары ешқашан жігіттің артынан жүгірмеген» деп пікір айтса, өзгелері мұны екінші «Қалаулым» дейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары