$ 494.87  520.65  4.91

Тегі басқа – теңдігі бір

Алматы темір жол көлігі колледжінде «Тегі басқа – теңдігі бір» атты этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестіктердің белсенді мүшелері, партия өкілдері, бастауыш партия ұйымдарының және «Жас Отан» ЖҚ мүшелері қатысты.

Жиынды «Ахыска» түрік мәдени орталығының төрағасы Қазақбай Қасымов ашып, жиналғандар алдында сөз сөйледі.

- Мемлекет басшысы еліміздің барлық қауымдыстықтарының алдында елдегі этносаралық және конфессияаралық ынтымақтастықты алға қояды. Біз «Нұр Отан» партиясымен тығыз байланыстамыз және бірлесе қоғамдық маңызы бар іс-шараларды жиі өткіземіз. Тек күш-жігерімізді біріктіре отырып, біз рухани құндылықтарымызды сақтап қала аламыз, - деді Қ.Қасымов.

- Біздің елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады, олар өздерінің тілдік, тарихи және мәдени құндылықтарын сақтауда. Қазақстан халқы ассамблеясы бұл - Қазақстанда тұратын этностық топтар арасындағы татулықтың, келісім мен достықтың берік іргетасы болып табылады, - деді «Зекет» қайырымдылық қорының төрағасы, "Нұр Отан" партиясының Медеу аудандық филиалының Саяси кеңес мүшесі С.Мерекенов.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар ҚР президенті Н.А.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының негізгі бағыттарын талқылап, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінің маңыздылығын атап өтті.

Жиын соңында қатысушылар еліміздің болашағы алға қойған міндеттерді орындаудағы қоғамдағы халықтың бірлігімен байланысты екенін белгіледі.

Айта кетейік, елімізде әрбір жылдың 1 мамыры - Қазақстан халықтарының бірлігі күні деп бекітілген. Бұл мерекенің пайда болуына Қазақстан халқының көп ұлттан құралуы себеп болғанын айтуымыз керек. Бүгінде республикада барлығы 130-дан астап ұлт пен ұлыс өкілдері бар. Ал, АЛматының өзінде 100-ден астам этностың өкілдері ғасырлар бойы тату өмір сүріп келеді. Шаһарда әрбір этноорталықтың өз орталықтары мен кешкі мектептері бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары