Алматыда ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері, «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі Гүлмира Исимбаева мен Мәжіліс депутаттары Гүлнәр Иксанова, Зауреш Аманжолава Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үндеуі аясында екі ұлттық жоғары оқу орындары - Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық зерттеу техникалық Университеті және Қазақ Ұлттық аграрлық Университетінің студенттік жатақханаларының әлеуметтік тұрмыс-жағдайымен танысты.
Мәжіліс депутаттары Президент үндеуінің үшінші бастамасы: «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» бастамасын түсіндіру мақсатында жатақханаларды аралап, профессорлық-оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесті.
Алматы – жастар мен студенттердің қаласы. 2017-2018 оқу жылында Алматыда 38 жоғары оқу орны жұмыс істейді, студенттерінің жалпы саны шамамен 139 мың адамды құрайды. Жеті ұлттық жоғары оқу орындарында 50000 адам білім алуда, оның ішінде 30 жекеменшік ЖОО-да 80 мың студенттер білім алуда.
Қазіргі уақытта Алматы қаласында жастардың басты мәселесі – студенттік жатақханалардың жетіспеушілігі. Шамамен 74 мың студенттер басқа қаладан келген. Қалада барлығы 30 мың студент тұратын, 93 студенттік жатақхана бар.
- Білім беру бойынша үздік стандарттар жүйесін құра аясында студенттер тұратын баспана мәселесіне қажетті көңіл бөлу керек. Жастардың білім алуына барлық мүмкіндік болу үшін, халықаралық талаптарға сай келетін жаңа заманауи ғимараттардың санының өсуі «Президенттің бес әлеуметтік бастамасының» басты міндеттерінің бірі болып табылады. Біз осы екі оқу орындарында көптеген студенттермен әңгімелесу барысында студенттердің бастамалардың мағынасын түсінгендігін байқадық, тіпті кейбіреулері болашақта белгілі бір бағытты жүзеге асыруды жоспарлағандарын айтып жеткізді, - деді Г. Исимбаева.
Бүгінгі таңда Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде 14 оқу корпусы, 2000-нан астам адам тұратын 5 жатақхана мен магистранттар мен докторанттар тұратын Үй бар. Қазіргі уақытта жалпы ауданы 5000 м2-ден астам ауданды құрайтын 344 орынға арналған 9 қабатты жатақхана ғимаратының құрылыс жұмыстары жүргізілуде, КазҰТЗУ мәдени-сауық және тамақтану Орталығының реконструкциясы аяқталуда.
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің 90 жылдық тарихы бар жетекші аграрлық жоғары оқу орны болып саналады. 2010 жылы университетке инновациялық-бағдарланған жоғары оқу орнының мәртебесі берілді. Университетте 11 оқу орны корпустары және 3766 орынға арналған 10 жатақхана бар. Студенттердің 98% ауылдық аймақтардың тумалары. 5529 адам басқа қаланың тұрғындары, оның ішінде 2318 адам ғана жатақханаларда тұрады. 1495 адам жатақханада орнымен қамтамасыз етілуіге мұқтаж болып отыр. Осы проблеманы шешу мақсатында университет 450 орындық жатақхана салуды жоспарлап отыр.