$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте «Астана» банкінен қаржысын алуға келгендерге күзетшілер автомат кезенген

Бүгін Астана банктің жер-жердегі филиалын салымшылар басып алды. Барлығы қаржылық қиындықтарға тап болған банктен ақша алуға келген. Бірақ, банктің қаржы төлеуге толық шамасы жоқ. Ал Шымкентте тіпті «шағым береміз» деп шу көтергендерді басу үшін банк өкілдігі қарулы күзет те шақыртқан. Қызметкерлер мен салымшылар арасындағы дау-дамайды тұтынушылар жағы бейнетаспаға жазып алыпты.

Өткен айдың соңында банктің Шымкенттегі өкілдігі 2 мамырда қаржы беріле бастайды деп сендіргендіктен, салымшылар бүгін қаржысын алуға келгендерін айтады. Алайда қаржы жоқ деген мамандардан, оның себебін бірнеше сағат бойына біле алмағандар, ашуға булыққан. Дәл осы сәтте, өкілдік басшылығы себебін түсіндірудің орнына, қарулы күзет шақырып, «тарқаңыздар!» - деп күш көрсетпек болды, - дейді салымшылар.

«Жедел топ екі кісімен автоматымен келіп, басымызда, қақ басымызда тұрып алып, автоматын кезеніп тұрып алған. Ол аздай, бір уақытта полиция шақырды», - дейді шымкенттік салымшы Әйгерім Тайболова.

Өкілдік басшылығын дұрыс жауап беруден жалтарды деп кінәлағандар, ақыры жазбаша шағым беруге қол жеткізіпті. Онда да шағымның көптігін алға тартқан мамандар жауапты «аз күтпейсіздер» деп, емеурін таныты. Ал салымшылардың дені қаржыға аса мұқтаждықтарын айтады.

Банктің Шымкенттегі өкілдігі әзірге жағдайды түсіндіруден бас тартты. Есесіне, баспасөз ақпаратын таратып, онда Астана банк уақытша шектеуді 1-маусымға дейін ұзартатыны көрсетілген. Қауқарлы инвесторлармен сөйлесудеміз деген банктің мамандары, жағдайды реттейміз деп, салымшыларын сабырға шақырған.

Дереккөз: 31-арна

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары