$ 498.34  519.72  4.85

Қостанайлық тұрғын өз досын тірідей көміп татсаған

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі сотында танысын тірідей көмген 28 жастағы облыс тұрғынына қатысты іс қаралады, деп жазады ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс материалдарында көрсетілгендей, Рудный қаласының екі тұрғыны өндіріс орнында ішімдік ішіп, өзара келіспей қалған. Сәлден соң бірі екіншісін ұрып-соққан. Күдікті бірнеше уақыттан кейін қолына темір алып, жерде жатқан досының кеудесіне 4 соққы жұмсады.

«Күдікті еденде қансырап жатқан танысын көріп, оны өлтірдім деп ойлайды. Қылмысын жасыру үшін жәбірленушіні жүк көлігінің шөмішіне салып, Горняцкий ауылының шетіне апарып көміп тастаған. Сараптама қорытындысы бойынша, жәбірленуші соққыдан емес, үсіктен көз жұмған», - делінген облыстық соттың хабарламасында.

Күдіктіге ҚР ҚК 99 бабы («Кісі өлтіру») бойынша айып тағылды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары