Қазақ қыз баланы, ибалы, инабатты етіп тәрбиелеп отырған. Бейәдеп сөз айту былай тұрсын, тіпті, қатты күлу де бойжеткенге жарасар қылық саналмаған. Соңғы кездері дәстүрімізге қайшы әрекеттерімен көзге түсіп жүрген атышулы Замира Сұлтан бұл жолы да төсек ләззаты жайлы әңгіме қозғап, көптің ашуына тиді.
Тележүргізушінің: «ажырасып кетпес үшін жастар бір-біріне деген төсек сәйкестігін білу мақсатында алдын-ала жақын қарым-қатынасқа түсіп көргені дұрыс па?» деген сұрағына Замира Сұлтан еш қысылмастан жауап берді.
«Ажырасқан адамдарға ол дұрыс. Алғаш тұрмысқа шығып отырғандарға бұл қажет емес деп ойлаймын. Өйткені мен төсек қатынасын ажырасқаннан кейін ғана білдім. Бұрын ондай заттарды мүлдем түсінбегенмін. 17 жаста тұрмысқа шыққан осындай болады екен», – дейді ол.
Түсірілім анонсының қандай бағдарламаға тиесілі екені әлі белгісіз. Бірақ рейтинг үшін жасалған жобалардың бірі болуы әбден мүмкін. Бұл видео Facebook әлеуметтік желісіндегі «Жаға ұстатты» тобында талқыға түсуде.