$ 494.87  520.65  4.91

Астанадағы батут оқиғасы: Дәрігерлер жансақтау бөлімінде жатқан бүлдіршіннің жағдайы туралы айтты

Астанадағы №2 қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері Біржан Досмайлов батуттан болған оқиғадан кейін жансақтау бөліміне түскен қыздың жағдайы туралы айтты.

Бұл туралы №2 Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды  Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Балаларға қолымыздан келген жағдайдың бәрін жасап, жәрдем беріп жатымыз. Бүлдіршін әлі де жансақтау бөлімінде. Себебі, қыз бас-ми жарақатын алғандықтан, әлі де бақыланады. Қазір ол адамдармен сөйлесіп, айналасындағыларды тани бастады», – деді Біржан Досмайлов №2 Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, барлық балалар ауруханаға түскенде жартылай жарақат алған.

«Балалардың денсаулығына бәріміз алаңдап оытрғандықтан, алдын-ала болжам жасамаймын. Әкімдік пен Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен балалар үшін барлық мүмкіндіктерді жасадық», – деді бас дәрігер.

Сонымен қатар ол балаларды емдеуге Астанадағы басқа да медициналық орталықтардың тартылғанын атап өтті.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары