$ 447.4  477.55  4.76

Алматыда люк қақпағын ұрлаған жол жөндеушілері видеоға түсіп қалды (ВИДЕО)

Алматыда көше бойындағы люк қақпағын ұрлаған жол жөндеушілер видеоға түсіп қалды. Аталған сәт түсірілген видеоматериал Instagram әлеуметтік желісіндегі топтардың бірінде жарияланған.

Видео авторының айтуынша, Алматы көшелеріндегі ашық қалған люк қақпағын жол жөндеушілердің өздері ұрлайды екен. Бейнебақылауға түсіп қалған бұл оқиға Жетісу ауданындағы Сүйінбай мен Мусоргский көшесінде болған. Видеода жүк көлігінен түскен жол жөндеушілер киіміндегі екі жігіттің көшедегі люк қақпағын шығарып алғандары анық көрінеді.

«Люк қақпағын кімдердің ұрлайтыны енді белгілі болды. Люк қақпағы қайда десек, жол жөндеушілердің өздері ұрлайды екен. Бірақ олар сол ашық қалған шұңқырға ертеңгі күні адамдар құлайды деп неге ойламайды? Жеке бастарын ғана ойлайды. Әкімшілік және Алматы қаласының ІІД-і мынаған қатысты шара қолдансаңыздар екен! Жетісу ауданындағы люк қақпақтары мүлдем жоқ», - деп жазады автор жергілікті билік өкілдеріне сілтеп.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары