$ 494.87  520.65  4.91

Сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылықтың алдын алуға қатысты «дөңгелек үстел» өтті

Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының  жеке құрам қызметкерлері арасында «Сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Жиынды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті ұйымдастырды.

«Дөңгелек үстел» басында  сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күресу,  мемлекет пен қоғамның назарын оның алғышарттарын жоюға бағыттау төңірегінде қилы пікірлер айтылды.

Кездесу барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мамандары  Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы, «100 нақты қадам» бойынша баяндама жасады. Сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбында видеороликтер көрсетілді.

Жиналыс соңында қорғаныс саласының қызметкерлері аталмыш департамент  мамандарынан көкейдегі сұрақтарына жауап алды, алдағы уақытта тығыз байланыста жұмыс істеуге уағдаласты.

Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлық – заңда қарастырылмаған жеке немесе дәнекерлер арқылы мүліктік игілікке және мемлекеттік функцияларды атқаратын басымды тұлғалардың және де соларға теңестірілген тұлғалардың,  лауазымдық дәрежелерін қолдана отырып және де  лауазымының мүмкіндіктерін өз мүддесіне қолдана отырып мүліктік табыс алу үшін жасалынатын қадамдар 

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа байланысты  (сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық), Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 2 шілдесінің «Сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында ескерілген, сонымен қатар басқа да заңда бекітілген сыбайлас жемқорлық немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті еліктіретін іс-әрекетке байланысты тәртіптер. 

Жемқорлық қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілік пен жазалау, әкімшілік жауапқа тарту және шара қолдану Уголовный Кодекс РК_каз және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес қарастырылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары