$ 494.87  520.65  4.91

«Жастар қалауы – сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет» атты Патриоттар акциясы өтті

Шымкентте колледж студенттері арасында «Жастар қалауы – сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет» атты Патриоттар акциясы өтті. Акция жасөспірімдер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды насихаттау,  азаматтық құндылықтарды құрметтейтін ұлтжанды, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. Жиынды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті  ұйымдастырды. 

Акцияға аталмыш департаменттің бөлім басшылары мен қызметкерлері, Оңтүстік Қазақстан облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының мамандары, «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар қанатының өкілдері, Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің басшылары мен белсенді студенттері қатысты.

Акция аясында колледж оқушылары арасында құқықтық білімдері мен құқықтық сана- сезімдерін дамыту мақсатында ашық тәрбие сағаттары, спорттық және интеллектуалдық сайыстар, семинар-тренингтер өткізілді.

Айта кетейік, Жемқорлыққа қарсы Қазақстан жастары форумы жыл сайын өткізіледі деп шешілген болатын.

Бүгінгі таңда еліміздің серпінді дамуына сыбайлас жемқорлық әлеуметтік дерт ретінде кедергі келтіруде. Қазіргі таңда оқу орындарында және басқа да түрлі салаларда сыбайлас жемқорлық көріністері бар екендігі белгілі. Ал оның алдын алу үшін мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, жастар бірлесе күресуі қажет.

Бүгінгі Акцияның негізгі мақсаты - сыбайлас жемқорлық сынды әлеуметтік дертпен бірлесе күресу және алдын алу үшін күш біріктіру.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары